ҚТЖ алты адам қайтыс болған жол апатының алдын ала себебін атады

0
572

Бүгін Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысты.


ҚТЖ алты адам қайтыс болған жол апатының алдын ала себебін атады

ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Жамбыл облысында алты адам қайтыс болған апатқа байланысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Алдын ала мәлімет бойынша, көлік жүргізушісі тыйым салынған белгіні елемей, жол ережесін бұзған. Осы әрекет жол апатына себеп болған", - делінген ҚТЖ таратқан ақпаратта.

Оқиғаның мән-жайын аудандық ішкі істер бөлімі мамандары анықтап жатыр.

"ҚТЖ жолдарды кесіп өтпес бұрын автокөлік жүргізушісі жолдардың белгі беру құралдарының нұсқауларын мүлтіксіз сақтауы және жақындап келе жатқан теміржол құрамының жоқтығына көз жеткізуге тиіс екенін еске салады", - делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, бүгін 1 қарашада Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысты.