Күдікті – әскери қызметкер: Жетісу облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды

0
427

Оқиға осы жылдың 15 желтоқсанында белгілі болған.


Күдікті – әскери қызметкер: Жетісу облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында сегізінші сынып оқушысы жүкті болып қалды, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова Facebook парақшасында мәлім етті.

«Панфилов ауданында 8 сынып оқушысы жүкті болып қалды. Күдікті ретінде бөлімдердің біріндегі әскери қызметкер танылды», – деп жазды журналист.

Аудандық білім бөлімі кәмелетке толмаған оқушының жағдайы туралы 2022 жылдың 15 желтоқсанында белгілі болғанын хабарлады.

«Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін барлық жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылданатын болады. Бұл мәселе аудандық білім бөлімінің қатаң бақылауында», - деп атап өтті бөлім.