Құлсарыдан барған сарбаздың өлімі бойынша бір әскери тергеліп жатыр - Бас әскери прокуратура

0
437

Сот күдікті Ж. Шакировқа күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкциялаған.


Құлсарыдан барған сарбаздың өлімі бойынша бір әскери тергеліп жатыр - Бас әскери прокуратура

ERNUR.KZ. Жетісу облысындағы Сарыөзек горнизонында көз жұмған сарбаз 19 жастағы Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысы бар деген күдікпен бір лейтенант тергеліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Сарыөзек бөлімі ҚК 451-бабының 2-бөлігі бойынша «билікті асыра пайдаланғаннан ауыр зардапқа әкеп соқты» деген айыппен Ж. Шакировтың үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», - деді Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдікті Ж. Шакиров 2024 жылы 14 мамырда ұсталған, оған тергеу сотымен күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Еске салсақ, Досымжан Сәлімжан 2023 жылы 11 қазанда Құлсары қаласынан Жетісу облысына әскерге аттанады. Бірақ әскер қатарында жүргеніне 6 ай толар-толмастан қаза табады.

Досымжанның анасы Ардақ Иманғалиева баласының өліміне 1993 жылы туған Ж.Шәкіров деген лейтенантты кінәлаған.

Айтуынша, Досымжан лейтенанттан жүйелі түрде зорлық көріп келген. 1 мамыр күні қатты таяқ жеп, ауырған. Бірақ оған ешкім дәрігер шақырмаған, көмек көрсетпеген. Содан жігіттің жағдайы нашарлай берген. Досымжан 3 мамыр күні жан сақтау бөліміне түскен. Сарбазды қараған дәрігер екі өкпесі істен шыққанын, диализбен жатқанын, өкпеге, жүрекке, бауырға, асқазанына су толып кеткенін айтқан. Құлсарылық жігіт ауруханада жаны қиналып жатып 13 мамыр күні бақиға аттанды.