Ойын клубтары клиенттерді қарызға батырудағы әккі әдісті меңгеріп алған.
ERNUR.KZ. Құмар ойын құрбандарының аналары Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтан араша сұрап отыр, деп хабарлайды astanatv.kz.
Олар букмекерлік кеңселердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қою керек дейді. Әйелдердің республикалық кеңесі ойын клубтары клиенттерді қарызға батырудағы әккі әдісін меңгеріп алған дейді.
Ханзада Балтаева Астанада талай отбасы казино кесірінен ойран болғанын айтады. Бұл проблемамен күреске әзірге тек «Нұр Отан» партиясы ден қойып отыр. Қаңтар айында партия өкілдері букмекерлік орындарда ұтыс тігуге тиым салатын тізім құруды және құмар ойындарының жарнамасын азайту мен онлай-казиноларды бұғаттау туралы бастама көтерген еді. Ал партияның Мәжілістегі фракциясы ойын бизнесіне байланысты заңды күшейтуге бел буып отыр.
"Мен өзім бұл мәселе бойынша арнайы зерттеу жүргізіп, барлық ойын клубтарында болдым. Ол жердегі адамдар зомби секілді. Алкогольді сусындар, тіпті, белгісіз дәрілер де сатылады екен. Қоғамдық жұмыспен айналыстатындардың бұл мәселені шешуге күштері жетпейтіні анық. Мен камерамен кіретін болсам, мені бірден қуып шағады ғой. Сондықтан да, Ерлан Заманбекұлы бірігіп жұмыс жасауымыз керек" - деді Ханзада Балтаева «Әйелдердің Республикалық кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы.