Оған 17 мыңнан астам адам дауыс берді. Оны үкімет қарауы үшін 50 мыңнан астам дауыс жинау керек.
ERNUR.KZ. Екі айдан бері қазақстандықтар біртұтас уақыт белдеуінде өмір сүріп жатыр. 1 наурызға қараған түні 13 облыс пен республикалық маңызы бар үш қала сағаттарды бір сағатқа артқа жылжытты. Енді қазақстандықтар бұл уақытқа риза емес екендерін айтты, деп жазады stan.kz.
Үкімет тәулік ырғағын тұрақтандырып, ұшақтар мен банктік кестелерді дәлдеуге, бизнес-процестердің тұрақтылығы үшін уақыт белдеуін өзгерту керек екенін мәлімдеді. Мұғалім Бағлан Бұғынаев мұның денсаулыққа пайдалы екеніне ешбір дәлел таппады. Ұйқыны реттейтін мелатонин гормонының өндірісі, керісінше, бұзылады деп есептейді. Өйткені ол қараңғыда өндіріледі, ал енді адамдар күн сәулесінен әлдеқайда кеш ұйықтап, кеш тұрады.
“Біз күні бойы жұмыстамыз. Адамдар мекемеде отырып, күн сәулесін көрмейді. Кешке шықса, күн батып кетеді. Ал күн сәулесінің жетіспеуі депрессияны тудырады”, – деді мұғалім Бағлан Бұғынаев.
Энергетиктер де, экономистер де, кәсіпкерлер де уақыт белдеуін ауыстырғаннын пайдалы тұсын көрмепті. Жылыжай қожайыны Светлана Трушина жұмыс күнін бір сағат ұзартып, жұмысшыларына көбірек жалақы төлеуге мәжбүр болған.
"Олар бір сағат ерте тұрып, жылыжайды ашып, суаруы тиіс, өсімдіктер күтпейді ғой. Оларды ертерек те жібере алмаймын. Көп қыз қараңғы түскенде оралуға мәжбүр”, – деді Green Sad жылыжайының иесі Светлана Трушина.
Қазақстандық ғалымдар уақыттың өзгеруінің ағзаға әсері туралы ешқандай зерттеу жүргізген жоқ. Еуропада жұмыс күні сағат 7-де басталып, 3-4-те аяқталады. Сол үшін шығыста жұмыс 7-де, орталықта 8-де, батыста таңғы сағат 9-да басталуы керек.
Уақыт белдеуіне наразы қазақстандықтар петиция жариялап үлгерді. Оған 17 мыңнан астам адам дауыс берді. Оны үкімет қарауы үшін 50 мыңнан астам дауыс жинау керек.