"Құны – 145 миллион еуро": Airbus Қазақстан үшін алғашқы A400M әскери ұшағын дайындап жатыр

0
276

Airbus A400M - ауыр жүкті әскери-көлік ұшағы.


ERNUR.KZ. Airbus Қазақстан қорғаныс министрлігінің қажеттілігі үшін алғашқы A400M әскери-көлік ұшағын жіберуге дайындап жатыр. Қазақстан 2021 жылы екі ұшаққа тапсырыс берген болатын, деп жазады stan.kz.

"Қазақстанға арналған алғашқы A400M ұшағы бояу цехынан шықты", - деп хабарлады Airbus.

Airbus A400M - ауыр жүкті әскери-көлік ұшағы. Әскери және азаматтық гуманитарлық миссиялар шеңберінде әуе тасымалдарын жүзеге асыруға және төтенше жағдайда жедел әрекет етуді ұйымдастыру үшін тиімді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясының жауынгерлік әзірлігінің жай-күйі туралы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының баяндамасын тыңдап, қарулы күштердің жауынгерлік әлеуетін арттыруды тапсырды.

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы экипажының шұғыл әрекетінің арқасында Ойыл ауданы Берсиева ауылының 15 тұрғыны аман қалды. Адамдарды құтқару үшін тікұшақ су басқан ғимараттың төбесінен бір метр биіктікке көтерілген.

Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақ экипаждары жергілікті халықты су тасқынының зардаптарынан құтқаруға, азық-түлік, жылы киімдер мен бірінші қажеттілік заттарын жеткізуге қатысуды жалғастырып жатыр. Әскери ұшқыштар 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізген.

A400M ұшағы 116 сарбаз немесе 37 тонна жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Оның сыйымдылығы тікұшақ пен әскери көліктерді тасымалдауға жарамды, ал турбовинттік ұшақтың максималды жылдамдығы сағатына 780 шақырымға жетеді. Сондай-ақ ұшақ 700 метрге дейінгі ұшу-қону жолақтарына қона алады, бірақ көтерілу үшін ең аз дегенде 1150 метр қашықтық қажет.

Аталған ұшақтың құны – 145 миллион еуроны құрайды.