Құрбысымен жолығуға кеткен 17 жастағы бойжеткен іздестірілуде

0
1 284

Студентті іздеу бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде


Құрбысымен жолығуға кеткен 17 жастағы бойжеткен іздестірілуде

ERNUR.KZ. Солтүстік қазақстандық полицейлер 17 жастағы бойжеткенді іздеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бойжеткен 11 қыркүйекте жоғалып кеткен. «Есіл ауданында тұратын 17 жастағы студент Марина Хрусталёваны іздеу бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Органдарға қыздың Двинска ауылында бірге тұратын ағасы шағым түсірген. Ол Маринаның сейсенбі күні Корнеевка ауылында тұратын құрбысына кететінін айтып, үйден шығып кеткенін хабарлады. Содан бері оның қайда екені белгісіз», - деп ақпарат берді баспасөз қызметі.

Қыздың таныстарының айтуынша, оны түрлі елді мекендерден көрген. Тәртіп сақшылары қыздың нақты қайда екенін анықтап жатыр. Бойжеткеннің шашы иыққа дейін келетін ашық түсті, қой көзді. Қошқыл жасыл түсті күртке, жасыл футболка, көк джинсы, қара кроссовка киген. Полицейлер оның қайда екенін білетіндерден 102 нөміріне хабарласуларын сұрайды.