​Күріш пен қант қай өңірлерде қымбаттады?

0
2 150

Осы жылдың 9 айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін тауарлардың бағасы 0,7% өсті.


​Күріш пен қант қай өңірлерде қымбаттады?

ERNUR.KZ. Осы жылдың 9 айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін тауарлардың бағасы 0,7% өсті. Бұл жөнінде бүгінгі үкімет отырысында 2018 жылдың 9 айындағы инфляция деңгейі туралы баяндама жасаған ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

Өңірлер бөлінісінде жыл басынан бастап орташа республикалық деңгейден бірқатар өңірлер асып түсті. Бұл Маңғыстау (4,1%), Атырау (3,9%) және Павлодар (3,4%) облыстары, сондай-ақ Астана (3,8%), Шымкент (3,5%) және Алматы қалалары (3,4%). Бұл ретте, кейбір тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өңірлік себеттерінде жекелеген позициялар бойынша, басқа өңірлерге қарағанда бағаның ең көп өсуі байқалады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында қоқыс жинау бағасы 87,0%, сұйытылған газ бағасы 25,0% өсті», - деді Дәленов.

Сол сияқты, Алматы қаласында қоқыс жинау бағасы 62,2%, Түркістан облысында тұрғын үйді жалға алу бағасы 40,6%, ал кондитерлік өнімдер бағасы 30,2%, Қызылорда облысында орталықтан жылыту қызметтерінің бағасы 21,3% және Павлодар облысында қатты отын бағасы 15,9% қымбаттаған.

«Ағымдағы жылдың 9 айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін тауарлардың бағасы 0,7% өсті. Жыл басынан бастап бағаның барынша өсуі бірқатар тауарларда байқалады. Атап айтсақ, қант жалпы 17,6%, соның ішінде Шымкентте – 28,6%, Қарағандыда – 24,1%, Астанада – 23,4%, Алматыда – 22,8%, Қостанайда – 22,0%, күріш – 11,3%, соның ішінде Астанада – 21,1%, Қостанайда – 17,8%, Көкшетауда – 13,5%, Петропавлда – 12,8% өскен», - деді вице-министр.

ҰЭМ берген мәліметке сәйкес, қырыққабат Петропавлда – 46,7%, Павлодарда – 25,0%, Астанада – 16,4% қымбаттаса, күнбағыс майы Қарағандыда – 13,7%, Атырауда – о 8,4%, Алматыда – 6,6%, Таразда – 6,4% қымбаттаған.