Құрылатын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы ЕАЭО елдеріне не береді

0
475

Осы Келісім мүше мемлекеттердің экспортты қолдаудың бірлескен шараларын, оның ішінде сақтандыру жолымен қолдануды көздейтін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 41-тармағын іске асыруға мүмкіндік береді.


Құрылатын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы ЕАЭО елдеріне не береді

ERNUR.KZ. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң мақұлданды, деп жазады inform.kz.

Аталған құжат 2022 жылғы 20 қазанда Ереван қаласында бекітіліп, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы Келісімді ратификациялауға бағытталған. Осы Келісім мүше мемлекеттердің экспортты қолдаудың бірлескен шараларын, оның ішінде сақтандыру жолымен қолдануды көздейтін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 41-тармағын іске асыруға мүмкіндік береді.

«Келісім құрылатын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының мақсаттарын, мәртебесін және міндеттерін айқындайды. Компанияның функцияларын және Жарғылық капиталға қатысу үлестерін төлеу тәртібін бекітетін компанияның Жарғысы келісімнің ажырамас бөлігі саналады. Аталған компания тиісті мәселелерді шешуге көмектесу үшін құрылған, яғни өзара сауда және инвестициялар көлемін ұлғайтуға, компанияға қатысушы мемлекеттер арасындағы экономикалық интеграцияны дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және мүше мемлекеттердің үшінші елдермен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге бағытталған», – деді сенатор Серік Шайдаров.

Бұл компания өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай функцияларды орындайды:

- қайта сақтандыруды және экспорттық кредиттерді қамтамасыз етуді жүзеге асыруды;
- мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің экспорттық кредиттік агенттіктерімен, сақтандырушыларымен және қайта сақтандырушыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруды;
- қатысушы мемлекеттерде тәуекелдерді қайта сақтандыру кезінде тәуекелдерге бағалау жүргізуге, тәуекелдерді барынша азайтуға және шығындарды реттеуге жәрдемдесуді;
- қайта сақтандыру саласында маркетингтік зерттеулерді, консультациялық, зерттеушілік және ағартушылық қызметті жүргізеді.

«Келісімді қабылдау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы ұйымдарына өзара халықаралық сауда және инвестициялық қызметті қолдауға, сондай-ақ бірлескен бизнес-жобалардың үшінші елдердің нарықтарына шығуына белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы экспорттық-импорттық операцияларды қолдайтын ұйымдардың тәуекелдерін оларды қайта сақтандыру қорғанысымен қамтамасыз ету жолымен төмендетеді. Өз кезегінде, Қазақстан экономикасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда айналымын едәуір ұлғайту, сондай-ақ олардың бірлесіп өндірілген өнімдерін үшінші елдерге өткізу үшін серпін алады. Заң бойынша Сенаттың тұрақты комитеттерінен ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ», – деді депутат.