Құстарға жем шашам деп терезеден құлап өлді

0
1 124

Жедел жәрдем құс жанашырын құтқарып қала алмады.


Құстарға жем шашам деп терезеден құлап өлді

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Құстарға жем шашам деп мерт болды. Көкшетауда көпқабатты үйдің терезесінен торғайларға жем бермек болған азамат құлап кетті, деп жазады ktk.kz.

39 жастағы азаматтың терезе түбіндегі ағашқа құстарға арнап жем шашатын әдеті болған. Қанаттыларға қамқор болып жүретін ол осы жолы құстарды қызықтаймын деп беріліп кетсе керек.

Терезеден жартылай денесімен шығып, қолындағы дәнді алысырақ шашуға тырысқан. Осы кезде 4-ші қабаттың терезесінен ауып түскен. Кешікпей жедел жәрдем келіп жеткенімен, құс жанашырын құтқарып қала алмады.

"Анасымен бірге тұрған. Ол терезеден құлаған кезде анасы үйде болыпты. Терезенің алдыңғы жақтауында отыру оның сүйікті ісі болса керек. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды" - дейді Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жектекшісі.