Құтқарушылар Костенко шахтасындағы апаттан кейінгі сұмдық жағдайлар туралы айтты (видео)

0
937

Құтқарушылардың айтуынша, өрт басталған апатты аймақта өрт сөндіруге арналған су болмаған.


Құтқарушылар Костенко шахтасындағы апаттан кейінгі сұмдық жағдайлар туралы айтты (видео)

ERNUR.KZ. Костенко шахтасындағы апаттан кейін құтқару жұмыстарын жүргізген құтқарушылар апаттың салдары туралы айтып берді, деп жазады stan.kz.

Құтқарушылардың айтуынша, өрт басталған апатты аймақта өрт сөндіруге арналған су болмаған.

“Бізге апаттан кейінгі жағдайды бақылау үшін барлау тапсырмасы берілді. Барлау барысында өрттің ошағына тап болдық. Өз күшімізбен өрт сөндіргіш тауып сөндіруге тырыстық. Бірінші мәселе, өрт басталған жерде, апатты аймақта су жоқ. Жарты сағат бойы жүгіріп су іздедік. Барлық мәселе бақылаудың жоқтығынан”, – дейді құтқарушылардың бірі.

Құтқарушылар жарылыстың қаншалықты қуатты болғанынын айтып өтті.

“Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, адамдарды бөлшектеп тастағаны былай тұрсын, шойыннан жасалған бағаналардың өзін майыстырып тастаған. Жер астында ештеңені анық көру мүмкін емес, барлығы астаң-кестең болып жатыр. Біз алдымен адамдардың денесін, дене бөлшектерін шығардық. Кейбіреулерін, тіпті, тану мүмкін емес. ДНК сараптамасын жүргізу керек”, – дейді құтқарушы.

Сонымен қатар құтқарушылар апаттан кейінгі құтқару жұмыстарын үйлестірушілерді сынға алды.

“Қазір үйлестіру жұмыстарын кім жүргізіп жатқанын нақты білмейміз. Біздегі ақпарат бойынша, барлық жұмыстарды әкім мен министр жүргізіп отыр. Демек біздің жұмысымыз туралы ештеңе білмейтін адамдар басқарып отыр. Күлкілі. Осындай жағдайда келіп, жұмыс істеп жатқанын көрсетуге тырысу ұят деп ойлаймын”, – деді құтқарушылардың бірі.