Құтқарушылар Қытайда апатқа ұшыраған Boeing жолаушыларының денесін таппады - БАҚ

0
718

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқаны белгілі болды.


Құтқарушылар Қытайда апатқа ұшыраған Boeing жолаушыларының денесін таппады - БАҚ

Құтқарушылар Қытайдың оңтүстігінде Boeing 737 апатқа ұшырағаннан кейін әлі де тірі қалғандарды немесе жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денесін таппады, деп жазады Tengrinews.kz

Бұл туралы құтқарушылардың деректеріне сүйеніп, Қытайдың орталық телеарнасы мәлімдеді.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, таулы аймақ іздеу жұмыстарына қиындық тудыратыны айтылды.

Global Times басылымы ұшақ құлаған жерде өртенген жеке куәліктер, әмияндар және басқа да жолаушылардың заттары табылғанын жазды.

Мәліметтер бойынша, Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары арасында қазақстандықтар болған жоқ.