​Құтқарушылар Майқайыңдағы шұңқырға құлаған автобустың дөңгелегіне жетті

0
636

4 қаңтар күні Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус 150 метр тереңдіктегі шұңқырға түсіп кеткен болатын.


​Құтқарушылар Майқайыңдағы шұңқырға құлаған автобустың дөңгелегіне жетті

ERNUR.KZ. Майқайың алтын кенішіндегі ойық түбін қазып жатқан құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Телеграмдағы каналында хабарлады.

«4 қаңтардан бастап „Майқайың-алтын“ АҚ кеніш аумағындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Шұңқырдың түбіндегі шағын эксковатормен қатар гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істеуде. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталуда. Мен қазір оқиға орнындамын. Бүгінгі жұмыс барысында құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті. Қазіргі уақытта бұл шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі. Іздестіру жұмыстары жалғасуда» деп жазды облыс басшысы.



Еске салайық, 4 қаңтар күні Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус 150 метр тереңдіктегі шұңқырға түсіп кеткен болатын. Мамандар апат болған орынды геосканермен белгілеп, техника жете алмайтын шұңқырды қолмен қазып жатқанын жазған болатынбыз.