Қырғыз тарапы Қазақстаннан шекараны ашуды сұрады

0
501

Қырғыз министрі коронавируспен күресте Қазақстан тарапы көрсеткен гуманитарлық көмекке ризашылығын білдірді.


Қырғыз тарапы Қазақстаннан шекараны ашуды сұрады

ERNUR.KZ. Бішкекте Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Рәпіл Жошыбаевпен кездесті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министр Қазақбаев коронавируспен күресте Қазақстан тарапы көрсеткен гуманитарлық көмекке ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, кездесуде қырғыз тарапы Қырғызстан азаматтары шекарадан емін-еркін өтіп, екі елдің аумағы арқылы тауар тасымалдай алуы үшін олардың Қазақстанға кіруіне шектеу шараларын мүмкіндігінше тезірек алып тастау қажеттілігіне назар аударылды.

Ал Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Рәпіл Қазақстан бауырлас елге күздік бидайдың 1000 тонна жоғары өнімді тұқымын беруге ниетті екенін жеткізді.