Қырғызстан президенті жұбайымен бірге қазақ әншілерінің концертіне келді

0
826

​Бішкекте Қазақстанның Қырғызстандағы мәдени күндерінің ресми ашылуына арналған концерт өтті.


Қырғызстан президенті жұбайымен бірге қазақ әншілерінің концертіне келді

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанның Қырғызстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылуына арналған гала-концертке қатысты, деп жазады sputnik.kz.

Іс-шара Т.Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында 7 қазан күні өтті. Президент концертке жұбайы Айгүл Жапаровамен бірге келді.

"Гала-концерт аясында екі елдің өнер шеберлері өнер көрсетті, оның ішінде КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның халық әртісі және Еңбек ері Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Нұржамал Үсенбаева болды", - деп хабарлады Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, "Астана балет" театры, Домбырашылар ансамблі, "Арлан" ұлттық дәстүрлер театры, "Тұран" фольклорлық -этнографиялық ансамблі, "МузАрт" эстрада тобы, сондай-ақ басқа да көрнекті мәдениет қайраткерлері қатысты.

Іс-шараны Қоғамдық телерадио хабарларын тарату корпорациясы, республикалық және облыстық телеарналар тікелей эфирде көрсетті.