Қыркүйек айында ауа райы қандай болады

0
1 159

Қазақстан аумағының басым бөлігінде айдың бірінші жартысында үсік түсуі мүмкін.


Қыркүйек айында ауа райы қандай болады

Қазгидромет мамандары күздің алғашқы айына болжам жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылғы қыркүйек айының орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – нормадан 1°С-қа төмен болады деп күтіледі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде көпжылдық деректер бойынша үсік айдың бірінші жартысында, оңтүстік облыстарда - айдың соңында ғана байқалуы мүмкін. Алайда, консультативтік болжамға сәйкес үсік солтүстік өңірлерде ағымдағы жылдың қыркүйек айының екінші онкүндігінде -5 градусқа дейін, ал оңтүстік өңірлерде - үшінші онкүндікте күтіледі.
Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері тамыз айымен салыстырғанда ауа температурасының жалпы төмендеуі кезінде ауаның ылғал құрамының төмендеуі есебінен азаяды. Жауын-шашын аз қарқынды, бірақ ұзаққа созылады.
2020 жылғы қыркүйекте республика бойынша жауын-шашынның таралуы біркелкі емес сипатқа ие: жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қарағанды облысының батысында нормадан аз болады деп күтіледі.
Күздің басында Қазақстан аумағында жазғы ыстық ауа райы сақталады. 3-6 қыркүйекте белсенді циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде ауа массаларының ауысуы, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, жаңбыр күтіледі, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде күшті жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасының төмендеуі бірінші онкүндіктің ортасында күтіледі:
ҚР батысында түнде +15+20°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +27+38°С-тан +20+27°С-қа дейін;
еліміздің солтүстік-батысында түнде +12+17°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +28+35°С-тан +14+25°С-қа дейін.
республиканың солтүстігі мен орталығында түнде +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +10+20°С-қа дейін.
Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасының төмендеуі, ҚР-ның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, түнде +13+22°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +30+36°С-тан +21+28°С-қа дейін болжанады.
Онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі Қазақстанның шығысын айналып өтпейді, температуралық фонның түнгі уақытта +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +27+32°С-тан +15+25°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтілуде.
Бірінші онкүндіктің соңында ҚР-ның басым бөлігінде қайтадан жылынады.
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында температуралық режимнің ауытқуы болжанады:
түнде +5+13°С-тан -5+5°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +15+20°С-қа дейін;
ҚР оңтүстігі мен батысында түнде +5+15°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +10+20°С-қа дейін.
Ескерту: бір айға арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады.