Қырымбек Көшербаев қашықтан оқытатын оқу орындарын заңдастыру керегін айтты

0
698

Көшербаев "Ұлттық аударма бюросы" негізінде жинақталған тәжірибе мен мамандардың әлеуетін жоғалтпау маңыздылығына да тоқталды.


Қырымбек Көшербаев қашықтан оқытатын оқу орындарын заңдастыру керегін айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев бұл туралы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде айтты, деп жазады Stan.kz.

“Қазақстанның "Білім туралы" заңына қашықтан оқытуды және қашықтан білім беретін оқу орындарын заңдастыратын және онлайн оқыту қызметін реттейтін толықтыру қажет. "Ұлттық аударма бюросы" негізінде жинақталған тәжірибе мен мамандардың әлеуетін жоғалтпау маңызды. Қазіргі сұраныс пен қажеттілікті ескере отырып, балалар және жасөспірімдер әдебиеті, гуманитарлық және техникалық оқулықтар мен әдебиет, іскерлік әдебиет және басқа да өзекті аударма бағыттарын қамтитын тұрақты жұмыс жоспары жасалып, іске асырылғаны жөн”, - деді ол.

Мемлекеттік хатшы сонымен бірге "Ұлттық аударма бюросы" және Оксфорд университетінің баспасы дайындаған "Қазақ-ағылшын", "ағылшын-қазақ" Оксфорд сөздігі басылып, барлық орта және жоғары оқу орындарының кітапханаларына жеткізілуі шарт екенін атап өтті.

“Латын графикасына кезең-кезеңмен өту жоспары аясында аударылған 100 оқулықтың электронды мәтіндері Қазақстандық ашық университет негізінде жаңа алфавитте жариялануы керек. Сонымен бірге, мектеп бағдарламасына кірген қазақ әдебиетінің классикалық туындылары Kitap.kz – Қазақстанның ашық кітапханасы негізінде латын графикасына көшірілуі тиіс. Бүгін таныстырылған 100 оқулық пен басқа да сөз еткен іс-шаралардың бір ғана мақсаты бар, ол – жастарымыздың елге тірек, қоғамға тұтқа болатын мықты тұлға болып өсуіне, білікті маман болуына жағдай жасау”, – деді Қырымбек Көшербаев.