Қытай мен Қазақстан арасында жаңа жүк теміржол бағыты іске қосылды

0
2 660

Қытай билігі «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында «Қытай – Еуропа экспресін» дамыту мақсатында темір жолдар мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға ниетті.


Қытай мен Қазақстан арасында жаңа жүк теміржол бағыты іске қосылды

ERNUR.KZ. Қытай мен Қазақстан арасында Қытайдың оңтүстігіндегі Наньнин қаласы мен Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласымен байланыстыратын жаңа жүк теміржол бағдары іске қосылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Сенбі күні Наньнин халықаралық теміржол портынан ауыр құрылыс техникасы бар 49 контейнер тасымалдайтын пойыз шығып, жөнелтілген сәттен бастап 13 күн ішінде Қазақстан астанасына жетеді. Ұзындығы 5 031 шақырым болатын бұл бағдар «Қытай –Еуропа» халықаралық теміржол жүк тасымалы аясында іске қосылды.

«Жаңа бағдар іске қосылғанға дейін мұндай тасымалға 45 күннен астам уақыт кететін», – деп мәлімдеді қытайлық Guangxi Construction Engineering Group Construction Machinery Manufacturing компаниясы.

China Railway Nanning Group компаниясының өкілі Чжоу Сытунның айтуынша, жаңа бағдар «Бір белдеу – бір жол» бастамасындағы Наньниннің рөлін арттыруда үлкен маңызға ие.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай билігі «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында «Қытай – Еуропа экспресін» дамыту мақсатында темір жолдар мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға ниетті.