Контрабандалық дәрі-дәрмектерді Қорғас шекаралық бақылау отрядының шекарашылары анықтаған.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. 180 келіге жуық қытай дәрі-дәрмегі мен 18 000 доллардан астам валюта контрабандасының жолы кесілді, деп жазады ҚазАқпарат.
Бүгін Қорғас шекаралық бақылау отрядының шекарашылары Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығынан контрабандалық жолмен дәрі әкеле жатқан қазақстандық азаматты ұстады. Ол Қытайда шығарылған жалпы салмағы 179 кг болатын дәрі-дәрмекті ел аумағына кіргізбек болған.
Тағы бір Қазақстан азаматы біздің елден көрші мемлекетке қарай 18 042 АҚШ доллары мен 16 200 теңгені кеденде рәсімдемей алып өтпек болды.
Контрабандалық жүк пен заңсыз қаражат актіленіп, кеден қызметкерлеріне тапсырылды.