Қытайдағы бас санитардың қаулысы Қазақстанның ет нарығын шығынға ұшыратты

0
469

Үлкен ықпалға ие қытайлық ірі компаниялар да мәселені шешудің амалын таппай жүр.


Қытайдағы бас санитардың қаулысы Қазақстанның ет нарығын шығынға ұшыратты

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Отандық ет өндірушілер Қытай нарығына өнім жеткізе алмай шығынға батып отыр, деп жазады 24.kz.

«Мұның басты себебі пандемия» дейді «Қазақстан ет одағының» Бас директоры. Айтуынша, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елімізден импортқа тыйым салынған.

Қазақстан тарапы ет өңдеу зауыттарындағы жұмысшыларды вакциналау мен тестілеуді ұсынғанымен мәселе әлі де шешілер емес.

"Етке сұраныс бар. Алайда Қытайға экспорт тоқтап тұр. Тіпті үлкен ықпалға ие қытайлық ірі компаниялар да мәселені шешудің амалын таппай жүр. Ол тікелей Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен байланысты. Көптеген отандық өндірушілер шығынға батты", - дейді «Қазақстан ет одағының» Бас директоры Мақсұт Бақтыбаев.