Қытайдан тағы 217 қазақстандық елге оралды

0
944

Қазақстандықтардың алғашқы легі Қытай елінен 2 ақпанда жеткізілген болатын: 83 азаматтың 80-і – студенттер.


Қытайдан тағы 217 қазақстандық елге оралды

ERNUR.KZ. Қытай астанасы Бейжіңнен Қазақстанның 217 азаматы эвакуацияланды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін таңертеңгі 06.05-те Бейжің қаласынан Қазақстанның 217 азаматы жеткізілді. Олардың барлығы қазір арнайы медициналық ұйымға орналастырылып жатыр. Араларында науқас адамдар тіркелген жоқ», - деді Елжан Біртанов.

Еске салайық, кеше, 10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Үкіметі ҚХР аумағындағы және отанына оралуға тілек білдірген қазақстандықтарды эвакуациялауды жалғастыратыны мәлім етілді.

Қазақстандықтардың алғашқы легі Қытай елінен 2 ақпанда жеткізілген болатын: 83 азаматтың 80-і – студенттер.

Ал 5 ақпанда Қазақстанның 8 азаматы Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің 5 ақпандағы мәліметіне сәйкес, ҚХР аумағында еліміздің 780 азаматы жүр. Оның 559-ы – студенттер. Олардың арасында елге жеткізу туралы өтінішті 427 адам берген, қалғандары сонда қалуға ниет білдірген.

«Сыртқы саяси ведомство дипломатиялық арналар арқылы азаматтарымызды елге әкетуді ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтап жатыр», - деген болатын министрліктен.