​Қыздарды гипноздап, төсекке тартуға үйрететін тренерлер көбейіп барады

0
3 055

Олар әуелі әлеуметтік желіге жақсылап жарнама беріп, кейін бойжеткенге баруға батылы жетпейтін жігіттерді жинап, сабақ өткізеді.


​Қыздарды гипноздап, төсекке тартуға үйрететін тренерлер көбейіп барады

фото: видеодан скриншот

Бұрымдыны гипноздап, бұйрығыңа бағындыруға көмектесетін коуч тренелер қаптап барады. Олар курс барысында нәзік жанның ниетін өзгертіп, тіпті төсекке тартудың түрлі тәсілін меңгертеді екен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қыз сені ұмытпайтындай, оның есінде қалу үшін не істеу керек? Қазір жігіттердің айтары: Ұмытпасын десең, ұмытпайтындай жасау керек,-дейді. Осындаймыз. Осындай болғаннан соң ғой, қызға ұмытпастай түн сыйлауды үйретем дейтін тренингтер көбейіп барады...Сондай сорақы үйірменің біреуі, инстаграмдағы жастарды былғап, бұзып жатыр.


«Өзің ойлап қарашы, қыз сенімен бірге кешкі ас ішуге келеді. Ал сен оған бұрын соңды сезіп-көрмеген ләззат сыйлайсың. Ал сен осыны үйренуді қалайсың ба?», - дейді гипноз арқылы адамды еркінен айыру тренері Николай.

Жәй кездесуге келген қызды гипноздап алып, сосын саусақты шырт еткізсең, қыз төсекке құлай кетеді. Сосын, білгеніңді істе дейді. Гипноздауға үйрететін тренингтерге қатысатындар көбейіп кетсе, не болады? Ең әуелі, қияяял боп жүретін бозбаланың ниеті бұзылады. Қарындастарды бұзады. Ең сорақысы, күйеуі бар әйелдерді гипноздап, қол жүгіртсе не болады?


«Бұның арты не болады? Мысалы адам гипноздың состояниесінде болса, оған кім көрінген зияндық келтіруі мүмкін. Әйелдің ар-намысын таптау былай тұрсын, физикалық та зияндар келтіруі мүмкін. Кім біледі, гипноздап алған соң, біреу емес, бес-алтауы жабылса. Кейін осы видеомен шантаждар шығуы мүмкін. Ар-ұяттан аттап кеткен адам, ештемеден тайынбауы мүмкін», - дейді заңгер Елнұр Тоқышев.

Ішкі істер министрлігінің пікірінше әйел гипноздалып, зорланды деген шағым түспеген. Қылмыс тіркелмейінше, ештеңе айта алмаймыз дейді. Шағым түсе бастағанын күтіп отырсақ, гипнозбен қыз бұзу қайтымсыз процеске айналып кетпей ме? Тездетіп, мынау рұқсатсыз гипнозға үйрету тренингтеріне тиым жасау керек.
дереккөз: Еуразия бірінші арнасы