Вакцина адам ағзасына өте зиянды, қыздарды бала көтеру қабілетінен айырып, ұлдарды белсіздікке шалдықтыратын кесірлі дүние.
ERNUR.KZ. Міндетті екпеге (вакцина) қарсылық шарасы жалпы халықтық сипатқа ие бола бастаған сыңайлы. Екпеге алғашқы кездері қоғамның белгілі бір бөлігі ғана қарсылық білдіріп келсе, бүгінде бұлардың қатарына зиялы қауым өкілдері де қосылып жатыр. Белгілі жазушы, «Құрмет» және ІІ дәрежелі «Халықтар достығы» ордендерінің иегері әрі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков ағамыз да екпеге қарсы өз ойын білдіріпті, деп жазады Skifnews.kz.
Дулат ағамыздың ойынша, вакцина адам ағзасына өте зиянды, қыздарды бала көтеру қабілетінен айырып, ұлдарды белсіздікке шалдықтыратын кесірлі дүние. «Бүкіл дүние мұндай вакцинацияға қарсы бас көтеріп, наразылық акцияларын өткізіп, ондай адамдарды сотқа тарту керек деп шулап жатса, Қазақстан ғана жайбарақат. Жайбарақат жатса мейлі-ау, жас қыздарға вакцина салу компаниясының жұмысын әлі белсенділікпен, пәрменді түрде жүргізуде.
«12-13 жасар қыздарға қазір егу жұмысын жүргізбесек, 18 жастан асқан кезде жатыр рагына (рак матки) ұшырауы мүмкін» дейді. Жиырма жасқа толғанда қыз біткеннің бәрі жатыр ауруына шалдығатынын олар қайдан біліп отыр? Әулие ме, көріпкел ме, Нострадамус па, әлде бақсы-балгер ме? Он жыл емес, ертең немен ауыратынымызды білмейтін мынадай қауіп-қатердің арасында өмір сүріп жатқан жастарға «10 жылдан кейін жатыр рагімен ауырасың» деп, 10 жасар қызға алдын ала жан шошырлық қауіп айту, оларды күштеп емдеу қылмысқа пара-пар «емнің» түрі емес пе?», - дейді Дулат Исабеков.
Бұл сөзіне мысал ретінде Индиядағы жағдайды мысал еткен. Бұл елде Билл Гейтс қорының белсене араласуымен тәжірибе ретінде 14 мың жасөспірім қызға ВПЧ-ға (вирус папилломы человека) қарсы вакцинация егілген. Нәтижесінде бірнеше қыз бірден көз жұмып, біразы белгісіз ауруға шалдыққан.
«Бұл оқиға қоғамда үлкен дау-дамай туғызуда. Үнді парламенті арнайы тексеру жүргізгенде адам шошырлық фактілердің бетін ашты. Көптеген қыздарды топ-тобымен ата-аналарының келісімінсіз, тіпті қыздардың өздеріне айтпастан емдеуге кіріскен. Олардың орнына мектеп директорлары қол қойған болып шықты. Осы тәжірибеден соң фармакомпания вакцинацияны Үнді мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне ресми түрде енгізуді жоспарлап, сол арқылы қыруар қаржы табуды көздеп отыр екен (вакцина сату арқылы). Бірнеше қыздың өлімінен соң, үнді қоғамында үлкен наразылық туып, фармацевтік компанияның мол қаржыға кенелу жоспары уақытша кідіріп, енді олар айтқандарына көнетін тиісті адамдар мен шешуші топтарға арнайы сыйлық беру арқылы пайда табу көзін басқа кедей мемлекеттерден іздей бастады», - деп атап өткен.
Ағамыз сонымен қатар, Үнді елінде іске аспай қалған сұрқай саясат енді Қазақстанға ауыз салып отырғанын айтқан.
«Арада 50 жылдай уақыт өткен соң, дәл соған ұқсас оқиға Қазақстанда қайталанып отыр. Бұрын «аналардың қамын ойласа», енді солардан туған жасөспірім қыздар мен немерелерінің, ұлы сөзде ұят жоқ – жатырын алдын ала емдеуге кірісіп кетті. Бүкіл әлем қарсы шығып отырған Билл Гейтс пен дүниежүзілік фармацевтік компаниясының адамзат денсаулығын емес, оларды чиптендіру арқылы құлға айналдыру, бала тууды шектеу идеясын бүгінгі таңда ТМД елдері бойынша қызу қолдап отырған жалғыз-ақ мемлекет бар, ол – Қазақстан. Сол бастаманы Өзбекстан емес, Қытай емес, Ресей емес, Қазақстан ғана іліп әкетіп, ел ішінде Денсаулық сақтау министрлігі кеңінен насихат жүргізіп жатыр. Өзбектер вакцинасыз-ақ 2030 жылы 40 миллионнан асамыз деп отыр. Сонда қазақ неге вакцинасыз туа алмайды! Жас қыздарға ВПЧ-ға қарсы вакцина егудің ерікті түрі де, еріксіз түрі де түбегейлі тоқтатылсын! Егер ол тоқталмаса, мұндай белсенділерді Билл Гейтстің адамзатқа жасап отырған жауыздық идеясын жасырын түрде қолдаушылар деп есептеуге шақырамын. Қыздарымызды бедеуліктен, ұл балаларды белсіздіктен арашалап қалайық! Үйімізде бәріне көніп отыра бермей, дүрлігіп жатқан дүниеге құлақ түрейік», - деп халықты бұл мәселеге аса сақ болуға шақырған.