"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан ғана қалды: Мамин әкімге тапсырма берді

0
374

​Маминнің пікірінше, әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігі жаз кезінде вакциналау қарқынын барынша ұлғайту керек.


ERNUR.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин елорда әкімдігіне коронавирусқа қарсы қосымша шаралар қабылдауды тапсырды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ол елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанын атап өтті. Вирус жұқтыру деңгейі төмендеп келеді, бір аптада 30%-ке азайған.

"Елорда ғана "қызыл аймақта" қалды. Осы ретте, әкімдік қосымша шаралар қабылдауы керек", – деді Мамин үкімет отырысында.

Айтуынша, халықтың вакцина алуы мен эпидемияға қарсы шаралар нәтижесінде Қазақстан "жасыл" аймаққа кірді.

Сондай-ақ, бүгінгі күні 2,4 миллионға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 1,3 миллионға жуығы екінші дозаны алды.

Мамин әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігіне жаз кезінде вакциналау қарқынын барынша ұлғайтуды тапсырды. Әсіресе, бұл жұмысты Маңғыстау, Ақмола, Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында күшейту керек, деді ол.

10 маусымдағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы;
  • "Сары" аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облысы;
  • "Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысы.