Қызылорда облысы Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

0
585

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.


Қызылорда облысы Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Мәдениет басқармасының басшысы пара алу бойынша күдіктелді, деп жазады baq.kz.

"Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы жеке кәсіпкерден объектіні кедергісіз қабылдап, оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алу дерегімен күдіктелді", - делінген хабарламада.
Сот санкциясымен күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Басқа ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жариялануға жатпайды.