Қызылорда облысында белгісіз біреулер жасөспірімдерге оқ атты

0
758

Зардап шеккен жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді.


Қызылорда облысында белгісіз біреулер жасөспірімдерге оқ атты

ERNUR.KZ. Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Төретам ауылындағы аялдамалардың бірінде кеше сағат 18:00 шамасында белгісіз біреулер үш жасөспірімге оқ атқан, деп жазады azattyq-ruhy.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент таратқан хабарламаға сүйенсек, оқ тиіп жарақат алған балалар кәмелетке жасқа толмаған. Зардап шеккен жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері қылмыстық іске қатысы бар күдіктілерді ізін суытпай қолға түсірген.
«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚК-тің 24-бап, 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдайдың мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.