Қызылорда облысында Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті ұсталды

0
530

Келтірілген залал көлемі 46 млн теңге.


Қызылорда облысында Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында "Qnet" қаржы пирамидасын құру дерегіне қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Ведомство мәліметінше күдікті 2020-2021 жылдар аралығында қаржы пирамидасын құрып, оның қызметіне 38 тұлғаны қатыстырған (зардап шеккендер).

(Келтірілген залал көлемі 46 млн теңге. Соттың санкциясына сәйкес, ол "күзетпен ұстау" түріндегі шарамен 2 ай мерзімге қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда”, – делінген хабарламада.

Өзге ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.