Қызылорда облысында жүк көлігінің тіркемесі жолаушылар автобусына соғылған

0
3 058

4 жолаушы ауруханаға түскен.


Қызылорда облысында жүк көлігінің тіркемесі жолаушылар автобусына соғылған

ERNUR.KZ. Қызылорда облысындағы тасжолда жүк көлігінің тас тиелген тіркемесі босап кетіп, жолаушы толы автобусқа соғылған, деп жазады Inbusiness.kz.

Аталған оқиғаның видеосы әлеуеттік желіде тарады.

Облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

"26 қарашада сағат 18:50 шамасында Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылы тұсында, Шымкент – Самара тасжолы бойында "КаМАЗ" автокөлігінің тас тиелген тіркемесі босап кетіп, қарсы бағытта Шымкент қаласына бара жатқан автобусқа соқтығысқан", - делінген ПД хабарламасында.

Оқиға салдарынан 4 автобус жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға түскен.

"Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.