Қызылордада 9-сынып оқушысы 6 жасар баланы зорлаған: полиция ақпаратты растады

0
490

Оқушы қамауға алынды.


Қызылордада 9-сынып оқушысы 6 жасар баланы зорлаған: полиция ақпаратты растады

ERNUR.KZ. Қызылорда қалалық полиция басқармасы 16 жастағы жасөспірімнің 6 жастағы баланы зорлау дерегін растап, оқушының қамауға алынғанын мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Айдар Қасановтың хабарлауынша, қылмыстық іс 10 ақпанда қозғалған.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың істің тергеу барысы Департамент бастығының қатаң бақылауына алынды. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деді. А. Қасанов.

БАҚ мәліметінше, қазіргі кезде жәбір көрген бала ауруханада ем алып жатыр.