Қызылордада баласын жүрек тұсынан пышақтаған әке жазаға тартылды

0
1 164

Әкесі баласының ісіне ашуланып, үстел үстіндегі пышақпен баласының кеуде тұсынан ұрады.


Қызылордада баласын жүрек тұсынан пышақтаған әке жазаға тартылды

ERNUR.KZ. Қызылорда баласын жүрек тұсынан пышақпен ауыр жарақаттаған әкесіне қатысты сот үкімі шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталмыш оқиға ақпан айында болды. Кешқұрым уақытта баласы ас үйде әкесінің анасына айқайлап жатқанын естиді. Сосын әкесін сабырға шақыру үшін сонда барады. Ашуға берілген әкесі анасын ұруға ұмтылады. Сол сәтте баласы анасын арашалап, әкесін итеріп жіберген. Масаң күйде болған әкесі баласының бұл әрекетіне ашуланып, үстел үстіндегі пышақпен баласының кеуде тұсынан ұрады. Осылайша ол баласының жүрек маңайын зақымдап, денсаулығына ауыр зиян келтіреді.

«Сот отырысында жәбірленуші, яғни баласы әкесіне кешірім беретінін айтты. Әкесінің бас бостандығы қалатын жаза тағайындауды сұрады. Аталмыш қылмыстық іс Қызылорда қаласының №2 сотында қаралды. Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Баласының денсаулығына зиян келтірген әкенің 3 жыл 3 ай бас бостандығы шектеу жазасы тағайындалды. Оған пробациялық бақылау жасалады. Бұдан бұрын Қызылордада қыз алып қашқан жігіттер сотталғанын хабарлаған едік.