Әртіс бұл театрда жеті жылдай қызмет атқарған.
ERNUR.KZ. Қызылордадағы қазақ драма таетранда басшылықтан қысым көрдім деген театр әртісі жұмыс орнында өзіне қол жұмсамақ болды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Әртіс Нұржан Қараманов бұл театрда жеті жылдай қызмет атқарған. Желтоқсан айында облыстың атқамінерлерінен араша сұрап, театрда диктатураның басым екендігін айтып шағымданыпты. «Осыдан соң басшылар уәдені үйіп-төкті, сосын арызымды қайтарып алдым» дейді. Алайда, басшылық керісінше ізіме түсіп, «отырсам опақ, тұрсам сопақ қылды» дейді.
«Актердің мәртебесі жоқ, бұл жақта актерлер жұмысшы өзбектер сияқты жұмыс істейді. Қызметкерлердің бетіне келе алмайды, келсе директордың командасы жинап алады да, қорқытып, үркітіп жұмыстан шығарып жібереді, шығарамын дейді. Олардың кредиттері бар, сондықтан үндемейді. Жан айқайымды ешкім түсінбей жатқан соң амал жоқ, пышақпен өзімнің қолымды кескіледім», - дейді әртіс.
Театр басшылығы екі кештің ортасында кабинетінің алдына келіп, мінез көрсеткен қызметкерінің психикасы бұзылған деп ойлайды.
«Пышақ алып, суицид жасау, ол не нәрсе? Демек, психологиялық дұрыс емес ол. Мен психдеспансерге арыз жаздым. Басшылық тарапынан қысым көрсетіліп жатыр деген нәрселерге оған ертең өзіміз жауап береміз», - дейді театр басшылығы.