Қызылордада белгісіз біреу үш оқушыны пышақтап тастаған

0
373

Қызылорда облысының ПД болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.


Қызылордада белгісіз біреу үш оқушыны пышақтап тастаған

ERNUR.KZ. Қызылордада 5 маусымға қараған түні мектептің жанында белгісіз адам үш жасөспірімді пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп жаады inbusiness.kz.

Тоғызыншы сыныптың 3 оқушысы пышақ жарақатын алған, үшеуінің де аяғы жараланған. Ауруханада оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үшеуі де үйлеріне жіберілді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп жауап берді полиция.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.