Қызылордада полиция киімін киген жұмысшының кім екені анықталды

0
684

Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында полиция қызметкерінің арнаулы киімін киіп алып, тазалық жұмыстарын атқарып жүрген жас жігіттің бейнежазбасы тараған болатын.


Қызылордада полиция киімін киген жұмысшының кім екені анықталды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында полиция қызметкерінің киімін киген мекеме тазалық мекемесінің жұмысшысы жазаға тартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында полиция қызметкерінің арнаулы киімін киіп алып, тазалық жұмыстарын атқарып жүрген жас жігіттің бейнежазбасы тараған болатын.

Осыған байланысты учаскелік полицейлер іздестіру жұмыстарын атқарды.

«Нәтижесінде 24 жастағы қала тұрғыны басқармаға жеткізілді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабы 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды. Онда айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру жағдайы көрсетілген», -деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда тұрғынынан әскери қызметшілерге тиесілі қару-жарақ табылды.