Қызылордада үш адамды атып өлтірген күдіктілер ұсталды

0
543

Төрт күдіктіге қатысты іздеу жарияланды.


Қызылордада үш адамды атып өлтірген күдіктілер ұсталды

Қызылордада адам өліміне қатысы бар алты күдікті ұсталып, төртеуіне іздеу жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 мамырда Қызылорда қаласында орын алған атыс қаруынан үш азаматтың қайтыс болу дерегіне байланысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Төрт күдіктіге қатысты іздеу жарияланды.

"Оқиға болған жерді тексеру барысында және күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрілер, есірткі және жеті автокөлік айғақ зат ретінде алынып, тиісті сараптамалары тағайындалды. Барлық қатысушының жеке басы анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінде сегіз қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша – 2, бұзақылық бойынша – 2, қарудың заңсыз айналымы бойынша 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелді", – деді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Қазіргі таңда, қылмыстық істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.