Бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалған.
ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында үш жастағы сәби төртінші қабаттан құлап кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға кеше, 6 тамызда болған.
"Онда Байтұрсынов көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан 2020 жылғы ұл баланың құлап кеткені айтылған. Ересектердің қадағалауынсыз қалған сәби терезеден құлап кеткен. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің маманы болып, мән-жайды анықтады", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.