Қызылордадағы ұшақ апатына байланысты комиссия құрылды

0
587

​Тергеуді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүргізеді.


Қызылордадағы ұшақ апатына байланысты комиссия құрылды

ERNUR.KZ. Қызылорда маңында АН-2 ұшағының құлауына байланысты комиссия құрылды, деп жазады inbusiness.kz.

«Бұл факті бойынша (ұшақтың құлауы – inbusiness.kz) комиссия құрылды. Тергеуді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы жүргізеді», – деп жазылған Азаматтық авиация комитеті таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда маңында АН-2 ұшағы құлаған еді. Бортта 2 адам болған.