Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Қызылордалық тұрғын көпірден секіріп қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында Қызылордада 102 арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден азаматшаның секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түсті.
Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында, өкінішке орай, азаматшаның қайтыс болғандығы анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.