Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері енді не істейді: Министр айтып берді

0
1 496

Студенттердің гранттары сақталады және осыған дейін келісім шарт бойынша төленуі керек оқу ақысы төлене береді.


Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері енді не істейді: Министр айтып берді

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов лицензиядан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

Министрдің сөзінше, студенттердің гранттары сақталады және осыған дейін келісім шарт бойынша төленуі керек оқу ақысы төлене береді.

"Лицензиясынан айырылған университеттерде 66 мыңнан астам адам оқыды. Бүгінде барлық студенттер басқа оқу мекемелеріне ауыстырылды. Грантта оқығандардың гранттары сақталды. Ақылы негізде оқығандардың да оқу құны сақталады. Тіпті басым бөлігінің оқу құны арзандады. Бірде-бір оқушы оқудан шеттетілген жоқ", - деді Асхат Аймағамбетов.

Оқан қоса, Аймағамбетов тексеру кезінде білім министрлігі университеттерді жеке және мемлекеттік деп бөлмейтіндігін атап өтті. Өйткені ең маңызды міндет білім сапасын арттыру болып табылады.

"Біздің мақсатымыз ЖОО-ны жабу емес. Лицензиясынан айырылған универитеттердің қатарында мемлекеттік университеттер де бар. Біз жүйелі шаралар қолданып жатырмыз. Бұл сертификаттау мәселелері , академиялық еркіндікті кеңейту шаралары және басқалары. Оларды білім және ғылым министрлігі университеттермен бірге жүзеге асырады", - деді министр.