Тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.
ERNUR.KZ. 1 қарашада магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп жазады ҚазАқпарат.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2022 жылғы 18 қарашаға дейін жүргізіледі.
Тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.
Тіркелу кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды.
Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (18 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады.
Тестілеу күні туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде 22 қарашада жарияланады.
«Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады», – деп түсіндірді ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.