Мәйіт табылды: Талдықорғанда көп қабатты үйде газ жарылды

0
2 106

​Пәтерде газ-ауа қоспасы жарылып, соңы өртке ұласқан. Құтқарушылар оқиға орнынан ер адамның денесін тапты.


Мәйіт табылды: Талдықорғанда көп қабатты үйде газ жарылды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда 66 жастағы ер адам көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрттен көз жұмды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желілерде төтенше жағдайдың видеосы тарады. Өрт 7 қаңтар кешке Жетісу шағын ауданының көппәтерлі үйлерінің бірінде болғаны хабарланды.




Облыстың ТЖ департаменті өрт туралы ақпаратты растады. Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтағаннан кейін оқиға орнынан 1954 жылғы ер адамның мәйітін тапқан.

"№27 үйдің төртінші қабатында орналасқан бір бөлмелі пәтерде газ-ауа қоспасы жарылып, соңы өртке ұласты. Құтқарушылар автосаты көмегімен көрші пәтердегі екі ересекті құтқарды. Барлығы 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде төртеуі – балалар", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, ведомствоның ақпаратынша, кіребірес пен пәтердің терезелері сынған, бірақ құрылыс конструкциялары қираған жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, пәтерде 25 литрлік тұрмыстық газ баллоны жарылған. Бірақ, өрт сөндірушілер тұрғын үй орталықтандырылған газбен қамту жүйесіне қосылғанын нақтылады.