Малайзия Қазақстанмен халал-индустрия саласында әріптестік орнатпақ

0
1 322

Былтыр Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда айналымы 80 млн долларға жеткен


Малайзия Қазақстанмен халал-индустрия саласында әріптестік орнатпақ

фото:ҚазАқпарат.

ERNUR.KZ. Малайзия Қазақстанмен халал-индустрия саласында әріптестік орнатпақ. Бұл туралы бүгін Малайзия-Қазақстан іскерлік кеңесі аясында өткен жиында малайзиялық Matrade сыртқы сауданы дамыту корпорациясы бас директорының орынбасары Уан Латиф Уан Муса айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Matrade корпорациясы Малайзия мемлекетінің сауда және индустрия министрлгіне қарайды. Аталған ұйым елдің басқа елдермен экономикалық байланысы үшін жауап береді. Оның айтуынша, былтыр Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда айналымы 80 млн долларға жеткен.

«Биылғы 7 айда бұл көрсеткіш екі еселенгенін көріп отырмыз. Біз енді бұл қарқынды одан әрі дамытуға мүдделіміз. Matrade Қазақстан-малай сауда палатасының жұмысын қолдайды. 2014 жылы Қазақстанда Малайзия елшілігі ашылды. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастық пен әріптестікті дамытудың болашағы зор екенін білдіреді», - деді Уан Латиф Уан Муса. Шетелдік маман малай бизнес қауымдастығы Қазақстанның мұнай-газ, жиһаз, киім, ағаш өңдеу, қызмет көрсету салаларына инвестиция салуға мүдделі екенін айтты.

Алматыда өткен «KEOGE» - «Мұнай және газ» қазақстандық халықаралық мұнай және газ көрмесі аясында Малайзиядан 14 компания делегат болып келді. Айта кету керек, Малайзия мемлекеті Қазақстан тәуелсіздігін алғашқылардың бірі боп мойындаған. 2014 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Малайзияға ресми сапарынан соң қос тарап арасында экономикалық-дипломатиялық әріптестікке жол қойылды. ҚР мемлекеттік пайдалы қазбалар қоры бойынша комиссияның хабарлауынша, Қазақстанда өндірілетін мұнай қоры 4,1 млрд тонна шамасында. Құрлықтағы кен орындарын қосқандағы газ конденсатының қоры 300 млн тоннаға бағаланып отыр.

ҚР Ұлттық банкі таратқан ақпаратқа сәйкес, Малайзия 2016-2017 және 2018 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан экономикасына 16,6 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция салған. Ал Қазақстан Малайзияға 251 мың АҚШ доллары көлемінде тауар экспорттаған. Атап айтқанда, Малайзияға шикі мұнай, қара метал өнімдері, өлшеу құралдары экспортталған. Қазақстан Малайзиядан 38 млн АҚШ долларының тауарын импорттаған.