Маман болжам жасады: қазақстандықтарды тамыз айында не күтіп тұр

0
637

​Жұлдызнамашы тамыз айында адамдарға өзіне қарата айтылған сынды қабылдау қиынға соғатынын, эмоцияға қатты беріліп, қателік жасауы мүмкін екенін ескертті.


Маман болжам жасады: қазақстандықтарды тамыз айында не күтіп тұр

ERNUR.KZ. Белгілі астролог Ирина Әбдірайымова тамыз айына болжам жасады, деп жазады sputnik.kz.

Қателік жасауы мүмкін

Астрологтың айтуынша, тамыздың бірінші аптасы аса қолайлы емес. Айдың бірінші күндері атаққұмарлық, мақтаншақтық сияқты қасиеттер өзімшілдікке, сыншылдыққа ауысады.

Көптеген елдің басшылары атышулы мәлімдеме жасап, өз билігі мен күшін паш етеді.

"Егер бұл кезеңде біреуге бір нәрсе дәлелдегіңіз келсе, ең алдымен, қарсыңыздағы адамдың сөзін бөлмей, соңына дейін тыңдап, әңгімені содан кейін бастаңыз. Өйткені бұл уақытта көп адам сынды қабылдай алмайды. Егер сіз әдейі немесе байқамай біреуді ренжітіп алсаңыз не намысына тисеңіз, ол адам сізге дәл сондай жауап қайтаруы мүмкін. Тіпті сізбен араласпай кетуі ғажап емес. Сол себепті егер ол адам сізге қымбат болса, сын айтудан, ойланбай сөйлеуден абай болыңыз", - деп ескертті Әбдірайымова.

Айтуынша, айдың басында адамдар эмоцияға қатты беріліп, қателіктер жасауы мүмкін. Көңіл-күйдің құбылмалығы жұмыста басшылықпен сөзге келуге, тіпті қызметтен қуылуға әкеп соғады.

Жұлдызнамашы бұл кезең капитал құюға, жұмыс орнын ауыстыруға, іскерлік кездесулер мен қоныс аударуға қолайсыз екенін атап өтті. Әсіресе, бұл айдың 1 мен 8 аралығында туған Арыстан, Сарышаян, Суқұйғыш, Торпақтарға қатысты.

Алайда, айтуынша, айдың алғашқы жұмасы шығармашылыққа, қоғамдық, мәдени шараларға қатысуға, сезімін білдіруге, жаңа романтикалқ немесе қызықты кездесулерге таптырмас уақыт.

Сондай-ақ 4-7 тамыз күндері автокөлікпен, пойызбен немесе ұшақпен жолға шықпаған абзал.

Ал 8-11 тамыз – сауда-саттық үшін қолайсыз кезең.

"Бұл кезеңде сүйіктіңізбен арадағы проблеманы шешуге кеңес бермеймін. Себебі түсініспеушілік, жаңылысу, кешігу, көлікпен байланысты мәселе туындауы мүмкін", - деді маман.

Ол жақсы танымайтын адамға сенбеуге, артық әңгіме мен идеологиялық және діни сенімге қатысты пікірталастан мүмкіндігінше аулақ болуға шақырды.

Көңіл-күйдің құбылмалығы, эмоцияға шектен тыс берілудің салдарынан бас ауыруы мүмкін. Адам бұл уақытта өз уайымынан басқа ештеңені көрмейді.

Сондай-ақ бұл күндері алаяқтар мен әртүрлі, әсіресе қаржылық аферистердің құрбанына айналу оңай. Сол себепті ақшаға мұқият болу қажет.

Өзгерістер уақыты

"Айдың екінші онкүндігі жаман емес, жанымыз өзгерістерді қалайды. Белсенділік артады, керемет идеялар туады, іздеген ақпарат өз-өзінен табыла кетеді, бірегей адамдармен қызықты кездесулер болады, әсіресе бұл жер және от белгілеріне қатысты. Бұл уақытта өзіңізбен пікірлес адамдарға жолығуыңыз мүмкін", -деді астролог.

Оның болжамынша, интеллектуалды сабақ, өнертабыс, жаңа таныстық пен қарым-қатынас үшін таптырмас кезең.

Ал тамыздың үшінші онкүндігінде ақыл-ой, мақсатқа ұмтылу, жоспарлау, логика қосылады.

20 тамызда өз күшіңізді асыра бағалап, жұмыста жанжалдасып қалуыңыз ықтимал.

24 тамызда біреуді алдап-арбап, өтірік айтуға тырыспаңыз. Рөлде, жолда сақ болыңыз, қарызға ақша бермеңіз және қарыз алмаңыз.

Әбдірайымова 1, 2, 5, 6, 10, 18, 20, 24 тамыз күндері мұқият әрі сақ болуға кеңес берді.

Ал 3, 12, 19, 23, 26 тамыз – айтарлықтай сәтті күндер.