ІІМ жаңа ақпараттық жүйесінде анықталған ақаулықтарға байланысты 6 қаңтарда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.
ERNUR.KZ. 6 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп жазады inbusiness.kz.
«ІІМ жаңа ақпараттық жүйесінде анықталған ақаулықтарға байланысты 6 қаңтарда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. ХҚО-лардың қашан жұмысын бастайтындығы қосымша хабарланады», - делінген корпорацияның желідегі ресми парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін 4 қаңтар күні мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемеген еді. «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.