Мамин ірі халықаралық корпорациялардың басшылығымен келіссөздер жүргізді

0
897

ҚР Үкіметінің тарапынан инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру үшін қажетті көмек шаралары ұсынылады.


Мамин ірі халықаралық корпорациялардың басшылығымен келіссөздер жүргізді

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласына Astana Finance Days Халықаралық қаржы форумына және Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысу үшін келген ірі әлемдік компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz.

Келіссөздер барысында индустрияландыру, машина жасау, мұнай-газ саласы, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтикалық өнеркәсіп, қаржы секторындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәелелері талқыланды.


ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин және Exxon Mobil Production Company президенті Нилл У. Даффин бірлескен жобаларды іске асыру барысын талқылап, жаңа жоғары технологиялы шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Тараптар атап өткендей, өндірісті жаңғырту кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі мен жағдайларды жақсартып, кен орындарында мұнай өндіруді арттыруға қосымша серпін береді.

Baker Hughes, General Electric компаниялар тобының басқарма төрағасы, президенті, бас атқарушы директоры Лоренцо Симонеллидің жетекшілігімен General Electric американдық компаниясының өкілдерімен кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Энергетика саласының өзгерістерінің әлемдік трендтерін ескерумен ЖЭК саласындағы перспективалы өзара іс-қимылдар талқыланды. Компания сонымен қатар газхимия саласында, денсаулық сақтау жүйесінде, азаматтық авиацияда, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетиігі бойынша жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Polpharma польшалық компаниялар тобының бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старак өз кезегінде ҚР премьер-министрі Асқар Маминді бірлескен жобалардағы ағымдағы жағдайлар туралы хабардар етті. ҚР фармацевтикалық индустриясында инвестициялық бағдарламаны іске асыру мәселелері, компанияның өндірістік алаңдарын одан әрі жаңғырту бойынша жоспарлар, қазақстандық фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық талқыланды.

Marubeni корпорациясының вице-төрағасы Шигеру Ямазоэмен келіссөздер агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, ЖЭК саласынжа ынтымақтастықты одан әрі дамытуға арналды. Тараптар инвестицияшлық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеуетті атап өтіп, бірлескен жұмыстарды белсендіру ниеті білдірді. ҚР аумағында жүзеге асырылып жатқан жобаларға Marubeni салған инвестициялар көлемі – $750 млн.

Anadolu түрік компаниялар тобының басқарма төрағасы Тунджай Озильханмен кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Индустрияландыру, соның ішінде машина жасау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы қаралды. Бұған қоса, инвестор қоршаған ортаны қорғау, әсіресе, екінші қайтара пайдаланылған материалдарды өңдеу жобаларына қатысуға бастама білдірді.

Fung Group төрағасы Виктор Фунгпен кездесуде әлемдік экономика және сауда нарығындағы өзгерістер, қаржы секторын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар жеткізілімдердің жаһандық жүйелерін басқару, соның ішінде транзит және логистика, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын қарады.

Citigroup инвестициялық және корпоративтік банкінің үкіметтер және мемлекеттік сектор жаһандық блогының басшысы Джули Монакомен, «Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Андрей Курилинмен әңгімелесу барысында қаржы саясаты, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және инвестициялық жобаларды іске асыруға көңіл бөлінді. Тараптардың айтуынша, аталған бағытта АХҚО Биржасына ерекше назар аударылған. «Қазақстан ел экономикасын дамытып, оның құрылымын әртараптандыру үшін қолда бар барлық мүмкіндікті пайдаланады», деп Джулия Монако, Citigroup-тің Қазақстанның әлем мен АХҚО алаңдарында IPO ұйымдастыру жөніндегі бастамаларын қолдайтынын йтты.

Сондай-ақ, ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің «Deutsche Bank AG» Орталық және Шығыс Еуропа бойынша Өңірлік басқармасының бас атқарушы директоры Йёрг Бонгартцпен кездесуінде қаржы секторын дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар азаматтарға банк қызметтерін ұсыну саласында тәжірибемен алмасу жүйесін дамытудың маңыздылығына тоқталып өтті. Кездесулер барысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин елімізде инвесторлардың жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын айтып, компанияларды жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды. ҚР Үкіметінің тарапынан инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру үшін қажетті көмек шаралары ұсынылады.