МӘМС жарнасы айтарлықтай көтерілуі мүмкін

0
359

​Елордада МӘМС тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі басшыға сұрақ қойды.


МӘМС жарнасы айтарлықтай көтерілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда жоғары айлық алатын тұрғындар МӘМС-ке көбірек жарна төлеуі мүмкін. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Елордада МӘМС тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі басшыға сұрақ қойды.

"Қазір МӘМС-ке аударылатын жарна қазақстандықтардың табысының 2 пайызынан алынады. Бірақ бұл талап айлығы 850 мың теңгеден асатын тұрғындарға жүрмейді. Себебі, 850 мың теңгеден артылған сомадан МӘМС жарнасы алынбайды. Елімізде еңбек өтілі жоғары министрлер мен әкімдердің жалақысы 1,2 млн теңгеден асатынын білеміз. Демек олар МӘМС жарнасына осы 1,2 млн теңгенің 2 пайызын емес, 850 мың теңгенің 2 пайызынан ғана төлейді. Бұл әділетсіздік емес пе?", - деді журналист.

Әбілқайыр Сқақов аталған мәселені Денсаулық сақтау министрлігі қарауға алғанын атап өтті.
"Сіздің айтқаныңыз рас. Қазақстандықтың айлығы 850 мың теңгеден асса, МӘМС жарнасы артық алынбайды. Бүгінде ДСМ осы мәселені қарастырып жатыр. Министрлік тарапынан ұсыныс бар. Қорымыз да өз есептерін берді. Болашақта басқа мемлекеттік органдар қолдайтын болса, заңнамаға өзгеріс енгізу бастамасы ұсыныс ретінде енгізіледі", - деді басшы.

Төраға 850 мың теңге болатын шекті 4,5 млн теңгеге дейін көтеру ұсынылып отырғанын айтты.

"Қазір шекті мөлшер 10 минималды айлық болса, оны ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшеріне дейін көтеру ұсынылып отыр. Демек 850 мың теңгеден 4,5 млн теңгеге дейін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Әбілқайыр Сқақов.