Маңғыстау әкімдігі 7 млн теңгеге дәретхана қағазын сатып алды

0
1 534

​Тендер жеңімпазы 2023 жылдың 19 қаңтарында анықталды.


Маңғыстау әкімдігі 7 млн теңгеге дәретхана қағазын сатып алды

ERNUR.KZ. Ашық дереккөздерде Маңғыстау облысының әкімдігі дәретхана қағазын сатып алуға 7 млн теңгеден астам қаражат бөлгені туралы ақпарат тарады. Облыстық әкімдік бұл жағдайды түсіндірді. Жыл басында Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы дәретхана қағазын сатып алуға 7 024 609 теңге бөлді, деп жазады inbusiness.kz.

Тендер жеңімпазы 2023 жылдың 19 қаңтарында анықталды. Бұл сомаға 11 570 қаптама сатып алынды. Әрқайсысының құны 607 теңгені құрады.

Техникалық тапсырмаға сәйкес, тендер жеңімпазы әр 30 күн сайын 1157 дана (12 орам) дәретхана қағазын жеткізуге міндетті. Нәтижесінде, Маңғыстау облысының әкімдігі айына 13 884 орам қағаз немесе күніне 694 орам қағаз алады (20 жұмыс күнін негізге ала отырып). Әр орамның ұзындығы 150 метр. Бұл облыс әкімдігінің қызметкерлері үшін күніне 104,1 мың метр дәретхана қағазы боп шығады.

"Шенеуніктерге сонша қағаз неге керек?" деген сұраққа әкімдік өкілдері былай деп жауап берді: аталған көлемдегі қағазды әкімдік қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар келушілер, жергілікті өкілді, атқарушы және мемлекеттік органдардың қызметкерлері де қолданылады.

"Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасының негізгі мақсаты - мемлекеттік мүлікті пайдалану және күтіп ұстау, жергілікті өкілді, атқарушы және мемлекеттік органдарды, оның ішінде облыс әкімдігінің ғимараттарында орналасқан мекемелерді, сондай-ақ облыстық мәслихаттың, неке сарайының, қала әкімдігінің, Достық үйінің, статистика басқармасының және облыстық жиналыс пунктінің шаруашылық тауарларымен жабдықтау жөніндегі функцияларды орындау болып табылады. Жоғарыда аталған ғимараттарда орналасқан мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын дәретхана қағазы мен басқа да заттар сатып алынады", - деп түсіндірді облыс әкімдігі.

Әкімдік әкілдері аталған ғимараттарда 1300 қызметкер бар екенін нақтылады.

"Тек облыстық құрама пунктінде жыл сайын 15 дәрігер, 80 қызметкер және 1500 әскерге шақырылушы казармалық жағдайда орналастырылады. Сондықтан гигиена құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын тауарларды сатып алу жүргізіледі", - деп қорытындылады Маңғыстау облысының әкімдігінде.