Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы наразы медицина қызметкерлеріне жауап берді

0
914

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров медицина қызметкерлерінің жалақылары заңға сәйкес екенін мәлім етті.


Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы наразы медицина қызметкерлеріне жауап берді

ERNUR.KZ. Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлерінің наразылығына Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров медицина қызметкерлерінің жалақылары заңға сәйкес екенін мәлім етті.

"Еңбек шарты бойынша жалақы ай сайын 10-шы күнге дейін төленеді. Қыркүйек айына дейін барлық төлемдер 5-тен 7-ге дейін жүргізілді. Тамыз айының толық жалақысын үстемақылармен төлеу 12 қыркүйекте жүзеге асырылады. Еңбек кодексіне сәйкес жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысқа шықпауы заңға қайшы", - деді Жұмыров.

Бұған қоса ол қызметкерлердің жұмысқа шықпауы этикаға сай еместігін және олардың бұл әрекеті халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін жеткізді.

Жұмыров наразы топты арандатушылыққа бой алдырмауға және парасаттылыққа шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда наразы жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартқаны айтылған еді. Олар жалақыны көтеру мәселесі бойынша басшылыққа бірнеше рет жүгінгендерін жеткізді. Алайда талаптары ескерілмеген соң жедел жәрдем станциясындағы жүргізушілер мен фельдшерлер 11 қыркүйектен бастап жұмысқа шығудан бас тартқан.