Ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету бойынша көшбасшылардың бірі – Маңғыстау облысы.
ERNUR.KZ. Бұл туралы «Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары» атты Мәжілісте өткен Парламенттік тыңдауда Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп жазады baq.kz.
Ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету бойынша көшбасшылардың бірі – Маңғыстау облысы. Тұщы су көздерінің жетіспеушілігіне байланысты әсіресе жазда халыққа су кесте бойынша беріледі. Бүгінгі күні өңір негізінен «Астрахан-Маңғышлақ» су құбыры және тұщыландырылған теңіз суы арқылы қамтамасыз етіледі, – деді ол.
Министр олардың жиынтық қуаты тәулігіне 150 мың текше метр болатынын айтып, жазғы кезеңде тәулігіне 51 мың текше метр тапшылық туындайтынын айтты. Өңірдің даму деңгейін ескере отырып, тапшылық 2025 жылға қарай екі есе өсіп, тәулігіне 110 мың текше метр болады деп болжанып отырғанын мәлімдеді.
Аталған проблеманы шешу мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі 8 тұщыландыру зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа облысты әлеуметтік-экономикалық дамудың 2021-2025 жылдарға арналған бекітілген кешенді жоспарлау шеңберінде қаржыландырудың барлық көзінен 232 миллиард теңге көзделген, – деді министр.