Оқиғаның себеп-салдарын анықтап, зерделеу үшін, мұнай компаниясы тиісті мекемемен шарт жасауда.
ERNUR.KZ. Маңғыстауда Жетібай ауылы маңында жер бетінде жарықшақ пайда болды. Жердің ойылуы "Асар" кен орнынан солтүстік бағытта орналасқан "ГУ-28" деп аталатын аумақта тіркелген, деп жазады zakon.kz.
Қарақия ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиғаның себеп-салдарын анықтап, зерделеу үшін, мұнай компаниясы тиісті мекемемен шарт жасауда.
Сондай-ақ тұрғындар мен шаруа қожалықтары иелерінің қауіпсіздігі үшін, жерді тегістеуге арнайы техника бөлінген.