Маңғыстау облысының халқына газет-журналдарды дрон жеткізетін болды

0
1 101

Жалпы алғанда, дрондар мерзімді басылымдарды облыстың сегіз аймағына жеткізеді, олар - Маңғыстау, Батыр, Баянды, Дәулет, Қызылтөбе, Сайын, Қызылсай және Ақшұқыр ауылы.


Маңғыстау облысының халқына газет-журналдарды дрон жеткізетін болды

ERNUR.KZ. Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылына республикалық корреспонденцияны бірінші рет дрон жеткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жалпы алғанда, дрондар мерзімді басылымдарды облыстың сегіз аймағына жеткізеді, олар - Маңғыстау, Батыр, Баянды, Дәулет, Қызылтөбе, Сайын, Қызылсай және Ақшұқыр ауылы.

Басылымдарды дронмен жеткізу жобасын Қазпошта үшінші жыл іске асыруда. Бірақ бұған дейін хаттар мен газет-журналдар дронмен тек Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жеткізіліп келген. Биыл жобаға батыстың Маңғыстау және Ақтөбе облыстары қосылды.

«Дрон жеткізу процесін оңтайландыруға көмектеседі, бірақ олар пошта қызметкерінің жұмысын ешқашан алмастырмайды. Ең бастысы -республикалық газеттердің оқырмандары оларды осы ауылға пошта көлігі келген күні емес, газет шыққан күні алады. Дронның артықшылығы - жоғары ұтқырлық, жол сапасынан тәуелсіздік және энергияны аз тұтыну», - дейді «Қазпошта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Дариға Өтебалиева.

Жалпы алғанда, жобаны іске асыру барысында дрондар 4 960 сағатта 145 мың шақырымды ұшып өтіп, шамамен 18,5 тонна мерзімді басылымды тасымалдады. Барлық аудандарда 2 және 4 кг жүк көтере алатын 20 дрон жұмыс істейді.